Оқу қызметі » № 3 бөбекжай - бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№3 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)34-69-32
Есепші бөлімі:
+7(72)34-58-86
Нашар көрушілер
нұсқасы

28
февраль
2021

Оқу қызметі

Шет тілін оқыту жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаның қалыптасуына өте зор ықпалын тигізуі тиіс. Бұл ең алдымен балалардың бойында шығармашылық тәуелсіздікті, белсенділік қабілетінің орындалып жатқан әрекетке деген оң көзқарас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. 
Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті.
  Мектепке дейінгі балалалық шақ – ертегі, қызықты ойындар, әңгімелер мен өлеңдер әлемі. Бұл жаста балалардың балабақшадан мектепке ауысу үрдісі жүреді, жетекші әрекет түрінің өзгеруі, яғни ойын әрекетінің оқу әрекетіне ауысуы болады. Бірақ баланы ойын әрекетінен айырудың қажеті жоқ.       Оқытудың ойын әдісі өте пайдалы болып келеді, өйткені балаларды ой еңбегіне бірте-бірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала қуанышының көзі ретінде  ғана айқындалмайды, соынмен қатар ол оқыту міндеттерін шешудің ең негізгі жолы болып табылады.
Ағылшын тілі маманы. 
Анарбек Айжан Мұхтарқызы
Санаты: 2



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив