Жобалық жұмыс. » № 3 бөбекжай - бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№3 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)34-69-32
Есепші бөлімі:
+7(72)34-58-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
январь
2021

Жобалық жұмыс.

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» – деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, балабақшада баланың таным  процесін  ізгілендіру мақсатында көптеген оқу-тәрбие үрдістері, жан-жақты ұйымдастырылып өткізіледі.
      Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.
Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту әрқашанда өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда баланың тілін дамыту процесін түзетудің көптеген әдістері бар. Баланың тілін дамыту барысында жағымды эмоцияналды қалпын ұйымдастырып, өзінің тілін белсенді дамытуға деген қызығушылығын тудыру керек. Ең тиімді және қызықты да, қолжетімді баланың іс-әрекеті бұл – ойын.
Ж.Аймауытов «Баланың оқуға ынтасын, белсенділігін арттыру үшін бір жаңалық болу керек» дегендей, әр тәрбиеші оқу қызыметінде әртүрлі ойын түрлерін ұйымдастырып отырса, оқу қызметін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, түрлендірсе, қызықты етіп ұйымдастырса балалардың көріп, ойнау арқылы есте сақтауы, кемшіліктерін жоюға ұмтылуы, логикалық ойлауы, шығармашылық т.б. қабілеттерінің дамуына, артуына үлесі орасан зор. 

Бақшамыздың 2 санат тәрбиешісі Түймебаева Гүлзинат Ахметалықызы
“Луллия шеңберлері” тақырыбында жобалық жұмысын әріптестермен бөлісті.  12.01.2021ж.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив