Жобалық жұмыс. » № 3 бөбекжай - бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№3 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)34-69-32
Есепші бөлімі:
+7(72)34-58-86
Нашар көрушілер
нұсқасы

12
январь
2021

Жобалық жұмыс.

Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас. Үйретуден балаға.
 Абай
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі мен мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет – қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. 
жаңа   технологияларды тиімді пайдалану балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
         Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі – жан – жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол
жас ұрпақ тәрбиелеу. Бізден берілетін тәрбиенің нәтижесі отбасымен балабақша тығыз байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да жұмыстандырып, бірге тәрбиелеуіміз қажет.
Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы міндеттердің бірі- білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа иннавациялық білім технологиясын меңгеру. 
Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу мақсатында бақшамыздың 1 санат тәрбиешісі Құрманбаева Гулмира Әуесқызы «Монтессори технологиясы» тақырыбында жобалық жұмысымен бөлісті.
12.01.2021ж.










Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив