27
февраль
2021
Ойын арқылы дамыта оқыту оқу қызметі
Дамыған елімізде ойы ұшқыр, арманы биік, талғамы жоғары баланы жан-жақты білім нәрімен сусындатуда ойнай отырып тапсырма орындатудың маңызы зор.
Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталды. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, оқу қызметтерінде қолданылатын ойын түрлері балалардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп. Ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі.
Жамантаева Ақторғын Жанасқызының ойын арқылы дамыта оқыту оқу қызметі.
Теги:
ДАМЫТА ОҚЫТУ