Жобалық жұмыс. » № 3 бөбекжай - бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№3 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)34-69-32
Есепші бөлімі:
+7(72)34-58-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
декабрь
2020

Жобалық жұмыс.

«Дьенеш» блоктарын қолдану арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Мектепке дейінгі дидактикада баланы дамытудың әртүрлі материалдары қолданылады. Дегенмен, бала ақылының дамуына арналған, соның ішінде математикалық, ойлау қабілеттігін дамытуда ең маңызды деген материалдарды бір қалыпқа келтіріп қалыптастыру мектепке дейінгі оқыту барысында кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі шаруа. Венгер психологы, әрі математигі Дьеныш жасаған логикалық блоктар баланың алғашқы жылдарындағы логикалық ойлауын дамыту мен олардың ойлау қабілеттерін математиканы меңгеруге дайындауда неғұрлым тиімді әдістеме болып отыр.
Әдістемелік және ғылыми-танымал әдебиетте бұл материалды әртүрлі атаулармен кездестіруге болады, атап айтсақ: «логикалық пішіндер», «логикалық текшелер», «логикалық блоктар». Бірақ осы атаулардың әрқайсысында логикалық ойлауды дамыту бағыты айқын берілген. Балабақшалар да  балалармен жұмыс жасаудың жаңаша тәжірибесінде логикалық дидактикалық материалдың көлемді және тегіс болатын екі түрлері қолданылады. Осы түрлердің әрқайсысына өз атауы бекітілген. Көлемді логикалық материал логикалық блоктармен аталса, тегісі – логикалық пішіндермен беріледі.
Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтан Дьеныш ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жуандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуге  математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал. Ол балалардың ойлау әрекеттерін дамытады (сараптама, салыстыру,  жалпылау), логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін және танымдық қабілеттерін (қабылдау, есте сақтау, наразға алу, елестету) жетілдіреді. Дьеныштың блоктарымен ойнай отырып, бала әртүрлі заттық әрекеттер жасайды.
2 санат тәрбиешісі Кокушова Забира Бейсенбаевна өз тәжірибесімен бөлісті.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив