Куатова Дидар Советовна
Лауазымы, жұмыс орны, қызметінің орны: Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№3 бөбекжай – бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі.
Туған жері, жылы: 12.03.1967ж. Тараз қаласы
Білімі: Жоғары, Жамбыл педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі педагогика және психология, мектепке дейінгі мекеме әдәскері» мамандығын 1993 жылы бітірген.
Ғылыми дәрежесі: жоқ.
Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік және басқа да наградалармен марапатталған, марапаттау күні: жоқ.
Жалпы еңбек өтілі – 37 жыл
Саладағы жұмыс өтілі – 37 жыл
Куатова Дидар Советовна еңбек жолын 1986 жылы Тараз қаласындағы №18 «Сказка» балабақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарудан бастаған. 1997 жылы «Ұлан» балалар үйінде тәрбиеші болып жұмысқа орналасып, 1998 жылы «Үміт» бөбектер үйіне тәрбиеші болып ауыстырылған. Осы мекемеде әдіскер жұмысына 2001 жылы ауыстырылған. 2007 жылы осы аталған «Үміт» бөбектер үйінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып ауыстырылған. 2012 жылы №25 орта мектеп жанында орналасқан «Балдәурен» шағын орталағында әдіскер қызметін атқарған. 2014 жылы ақпан айынан бастап № 40 «Балауса» балабақшасында меңгеруші қызметіне тағайындалып, 2022 жылдың маусым айына дейін қызмет атқарған. 2022 жылы маусым айынан бастап №3 бөбекжай – бақшасында меңгеруші қызметін атқарып келеді.