Хабарландыру » № 3 бөбекжай - бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№3 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)34-69-32
Есепші бөлімі:
+7(72)34-58-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2021

Хабарландыру

Хабарландыру


"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№3 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны тәрбиешілік бос лауазымға тағайындау конкурсы өткізілетінін   хабарлайды.



Тараз қаласы                                                                              20.12.2021 жыл



          1) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№3 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық   кәсіпорны 080007, Тараз қаласы, «Ақбұлақ» мөлтек ауданы №30, тел: 34-69-32,ddu3@mail.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес педагогтің бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурс төмендегідей лауазым бойынша өткізіледі.

 Мектепке дейінгі тәрбиеші – 1 бірлік

2. Лауазымдық міндеттері 

      Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу стандартына сәйкес оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің  (білім алушылардың) жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.Медицина қызметкерлері мен оқушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың білім беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады. Ата-аналарымен және   тәрбиеленушілердің  (білім алушылардың) басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады. Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) күн тәртібінің,  қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады.  Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды. Ата-аналармен отбасында бала тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізеді, ата-аналарды балабақша өміріне белсене қатысуына шақырады.Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады. санитарлық-гигиеналық тәртіп ережесін сақтайды, Әкімшілік және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын орындайды. Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат.

Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.

Еңбек ақы орта есеппен – 120 000 (жүз жиырма мың)

Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасының санитарлық ережелермен нормаларын.


Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 3  жылдан кем болмауы тиіс, немесе білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс.


Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс  күннен бастап 7 жұмыс күнінде  қабылданады.       

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде,  электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады.

            1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

            3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

            4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

            5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

            6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде         № 21579 болып тіркелген).  

            7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

            8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

            9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

            

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив