Хабарландыру » № 3 бөбекжай - бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№3 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)34-69-32
Есепші бөлімі:
+7(72)34-58-86
Нашар көрушілер
нұсқасы

15
февраль
2022

Хабарландыру

Хабарландыру


"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№3 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны әдіскерлікке бос лауазымға тағайындау конкурсы өткізілетінін   хабарлайды.



Тараз қаласы                                                                               15.02.2022 жыл



          1) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№3 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық   кәсіпорны 080007, Тараз қаласы, «Ақбұлақ» мөлтек ауданы №30, тел: 34-69-32,ddu3@mail.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес педагогтің бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурс төмендегідей лауазым бойынша өткізіледі.

 Мектепке дейінгі әдіскер– 1 бірлік

2. Лауазымдық міндеттері 

Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Пәндер мен оқу курстары бойынша оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды  құрастырады. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (жасауға) қатысады; білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен, мұражайлармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек         көрсетеді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастыруды және топтар бойынша  ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттер  ретін құрады. Алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді. Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен, ойындармен жинақтауды ұйымдастырады. Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды.Тәрбиешілер үшін ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттер, семинарлар, жеке және топ бойынша кеңестер, конкурстар мен көрмелер өткізеді; шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады; оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді; есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы рәсімдейді. Тәрбиешілердің, психологтардың,  музыкалық жетекшілердің, өзара әрекеттесуін үйлестіреді.

Балалардың білімдеріне, істерліктеріне, дағдыларына талдау жасайды. Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу және оларды    көтермелеу бойынша ұсынымдар енгізеді. Біліктілікті арттыру және педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді. Үнемі тәрбиелеу мен білім беру, әдістемелік жұмыстардың жағдайын бақылап отырады. Педагогтардың жұмысына бақылау жасайды, тәрбиелеу мен білім беру жоспарын жүйелі тексеріп отырады, топтардағы сабақтарға қатысады, жылдық жоспардың, педагогикалық кеңестерде қабылданған шешімдердің орындалуына сараптама жасайды. Тоқсан сайын балалардың бағдарлама талаптарына сай білім мен білік дағдыларынының мониторингін жасайды. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бағдарламасының мемлекеттік стандартқа сай жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Балабақшаның қоғамдық іс-шараларына белсене қатыса отырып, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай тазалықты сақтайды.  

Жұмыс аптасының ұзақтығы – 36 сағат.

Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.

Еңбек ақы орта есеппен – 120 000 (жүз жиырма мың)

Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасының санитарлық ережелермен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 3  жылдан кем болмауы тиіс, немесе білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс  күннен бастап 7 жұмыс күнінде  қабылданады.       

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде,   электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады.

            1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

            3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

            4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

            5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

            6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде         № 21579 болып тіркелген).  

            7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

            8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

            9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив