Хабарландыру
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: 080000, Тараз қаласы, Ақбұлақ №30
Почталық мекенжайы: ddu3@mail.ru
Телефон нөмері: 34-69-32, 8-747-210-40-43
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Уақытша бос лауазым атауы: тәрбиеші (уақытша декрет орны)
Еңбек ақы мөлшері:1 штаттық бірлік - 160000 тг (жүз алпыс мың теңге)
Негізгі функционалдық міндеттері:
Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Мектепке дейіңгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, іс-әрекеттерді жоспарлайды және жүзеге асырады. Ата-аналардың мектепке дейіңгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды.
Заттық – дамытушы ортаны құру, тәрбиелеубілім беру процесін ұйымдастыру.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын талаптары:
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша диплом;
- мектепке дейінгі мекемеде еңбек өтілі 5 жылдан жоғары
Құжат тізбесі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Кадырларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологияляқ ұйымнан анықтама;
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
- Бейін бойынша өндірісте кемінде 2-жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 х 480.
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 03.04.2024 ж-11.04.2024 ж