Жас маманның ізденістері мен жетістіктері. » № 3 бөбекжай - бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№3 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Приемная
+7(72)34-69-32
Бухгалтерия
+7(72)34-58-86
Версия для
слабовидящих
» » » Жас маманның ізденістері мен жетістіктері.

28
февраль
2021

Жас маманның ізденістері мен жетістіктері.

Жас маманның ізденістері мен жетістіктері.
 Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз.  Ұстаздық ұлы қасиет. 
Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. 
Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр балаға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- ұстаз
 Еліміздің ертеңі, шың мәнінде жастардың қолында, ал ұрпақтың тағдыры үшін жауап беру, отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастыру, жастардың жанына нұр себу – ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан  ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек. Олай болса, егеменді еліміздің тағдыры, жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың  қолында.
Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет.
Қазіргі таңда жан-жақты білімді, өз істерінің білгірлері болғысы келетін жас ұстаздар бар.
 Біршама педагогтардың жоғары сапалы оқу қызметтері білім сапасының жоғарылауы, оқу қызметіне  деген,  қызығушылықтың артуы жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын байқатады.
Жылдық жоспарға сәйкес бақшамыздың жас маманы 
Жамантаева Ақторғын Жанасқызы өз шығармашылығында бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық  ізденістерімен «Менің мамандығым, менің болашағым» тақырыбында өз іс тәжірибесімен бөлісті . 
Еңбек өтілі: 1 жыл
15.01.2021ж.






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

12 январь 2021 Жобалық жұмыс.
12 январь 2021 Жобалық жұмыс.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив