Хабарландыру
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: 080000, Тараз қаласы, Ақбұлақ №30
Пошталық мекен-жайы: ddu3@mail.ru
Телефон нөмірі: 34-69-32,
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тұрақтыбос лауазым атауы: әдіскер
Еңбек ақы мөлшері: 1 штаттық бірлік- 318864тг(Үш жүз он сегіз мың сегіз жүз алпыс төрт)
Негізгі функционалдық міндеттері:
1. Білімі-жоғары,
2. Мамандығы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.
3. Әдіскердің еңбек өтілі: 5-10 жыл.
4. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін цифрландыру деңгейін және оқытудың цифрлық нысандарын қолданудың тиімділігін анықтау;
5. Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
6. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметі туралы обьективті және шынайы ақпарат алу;
7. Балабақшаның жылдық міндеттік жоспарларын орындау;
8. Мектепке дейінгі ұйымдардың басқару, әдістемелік және оқу-тәрбие қызметінде жана педагогикалық идеялар мен инновациялық тәсілдерді анықтау, игеру.
9. Білім берудің мазмұнды және цифрлық трансформациясы жағдайында мектепке
дейінгі педаогикалық ұжымдардың табысты жұмыс тәжірибесін тарату;
10. Өңірдің 2 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балаларын сапалы мектепке дейінгі білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету идеясы.
11. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастыруды және топтар бойыншаұйымдастырылған оқу іс- әрекеттер ретін құрады.
12. Балабақшаның басқа да қызметкерлерімен оқу тәрбие үрдісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
13. Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды.
14. Топта тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына жағдай жасайды;
15. Күн тәртібінің орындалуын қатаң қадағалайды өткізеді;
16. Балабақшада педагогикалық кеңестер, семинарлар, озық іс-тәжірибесін ендіреді;
17. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады.
18. Тәрбиешілердің жұмысын жүйелі жүргізуге бағыт бағдар беру және қолдау көрсету
19. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бағдарламасының мемлекеттік стандартқа сай жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді
20. Балалардың білімдеріне, істерліктеріне, дағдыларына талдау жасайды.
21. Біліктілікті арттыру және педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді.
22. Педагогтардың жұмысына бақылау жасайды, тәрбиелеу мен білім беру жоспарын жүйелі тексеріп отырады, топтардағы сабақтарға қатысады, жылдық жоспардың, педагогикалық кеңестерде қабылданған шешімдердің орындалуына сараптама жасайды.
23. Тәрбиешілердің жұмысына бақылау жасайды, оқу-тәрбиелеу жоспарын жүйелі тексеріп отырады, топтардағы сабақтарға қатысады; тәрбиешімен бірге логопед, психолог, басқа мамандардың бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастырады; әрдайым балалардың білімінің, ойлауының диагностикасын жүргізеді.
24. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайды.
25. НОБД, Іndigo.kz, QamqorTech, Сайт бағдарламаларын жүргізеді.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
-жоғары педагогикалық немесе арнайы орта кәсіптік «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша диплом;
- мектепке дейінгі мекемеде 5 жыл еңбек өтілі бар
Құжат тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
10) бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 10.07.- 18.07.2025ж.