13
май
2026
"Көңілді бала-дені сау бала" ата-аналарға кеңес
Баланың денсаулығы — оның көңіл күйімен, күн тәртібімен және отбасыдағы атмосферамен тікелей байланысты. Көңілді, белсенді бала өзін еркін сезінеді, жақсы дамиды және ауруға қарсы тұру қабілеті жоғары болады.
Баланың дені сау әрі көңілді болуы үшін:
- Дұрыс тамақтану
Көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері мен дәруменге бай тағамдарды көбірек беру қажет. Тәтті мен газды сусындарды шектеу керек. - Күн тәртібін сақтау
Уақытылы ұйықтау, демалу және тамақтану баланың жүйке жүйесін нығайтады. - Қозғалыс белсенділігі
Таза ауада серуендеу, ойын ойнау, спортпен айналысу денсаулыққа пайдалы. - Жеке бас гигиенасы
Қол жуу, тісті тазалау, таза киім кию — аурудың алдын алады. - Психологиялық жайлылық
Баланы мақтап, қолдап отыру маңызды. Үйдегі жылы қарым-қатынас баланың көңілді болуына әсер етеді. - Гаджет уақытын шектеу
Телефон мен планшетті ұзақ қолдану көзге және жүйкеге зиян келтіреді.